Өңірлер

Депутат: Шымкент әуежайының аяқасты сатылғалы жатқаны біреуге тиімді сияқты

© ИА Новости-Казахстан, Анатолий УстиненкоАэропорт Шымкента. Архивное фото
Аэропорт Шымкента. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Шымкент әуежайының сатылымға шығарылғаны хабарланған еді. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге болып белгіленген

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Шымкент әуежайының сатылуына байланысты өз алаңдаушылығын білдірді. Мәжілісмен тендерге өтінім қабылдау мерзімін ұзартып, нысан құнына қайтадан тәуелсіз бағалау жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін Шымкент әуежайының сатылымға шығарылғаны хабарланған еді. Бастапқы баға 5,2 миллиард теңге болып белгіленген. 

Депутаттың айтуынша, әуежайды сенімгерлік басқару мерзімі – 10 жыл. Ал тендерге өтінімдер небәрі үш апта: 2020 жылдың 18 қыркүйегінен 8 қазаны аралығында ғана қабылданады. 

Оның пікірінше, мұндай қысқа мерзім конкурсқа көптеген стратегиялық инвестордың қатысуына жол бермейді. Мәселен, Air Astana компаниясы уақыттың аздығына шағымданып та үлгерді. 

"Біреуге бұл байқауды тез әрі шусыз өткізіп жіберген тиімді сияқты болып көрінеді. Таңғаларлығы, конкурсқа тіпті жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Бір жеке тұлға тұтас әуежайды қалай басқаруы мүмкін? Бұдан бөлек, сарапшылардың бағалауынша, 5,2 миллиард теңге бастапқы баға мұндай нысан үшін төмендетілген болуы мүмкін", - деді Жамалов депутаттық сауалында. 

Депутат әуежайдың стратегиялық маңызын ескеріп, мынадай ұсыныстар айтты:  

  • "Шымкент әуежайы" АҚ-ны сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге өтінім қабылдау мерзімін ұзарту. Бұл конкурсқа көптеген білікті қатысушыны тартуға мүмкіндік береді; 
    әлеуетті қатысушылар үшін біліктілік талаптарын қайта қарау. Олар әуежайды тиімді басқара алатынын дәлелдеуі тиіс; 
  • болашақта нысанға құйылатын міндетті инвестицияларды ескеріп, әуежай құнына қайтадан тәуелсіз бағалау жүргізу.

 

Жаңалықтар
0