Өңірлер

Күн суытады – синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Владислав ВодневПервый снег в Нур-Султане
Первый снег в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін астанада алғашқы қар жауды. Бұған дейін Қазақстанның шығысында, сондай-ақ, Алматы мен Қарағанды облыстарында қар түскен еді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Синоптиктер қазанның 8-10 күндері ауа температурасының төмендейтінін болжап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, еліміздің солтүстік және шығысында жаңбыр қарға ұласады. Солтүстік циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Сондықтан жауын-шашын, тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады. 

"Алайда циклонның соңынан кезекті антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, еліміздің көптеген облыстарында ауа температурасының төмендейді деп болжанып отыр. Тек батыста күздегідей жылы ауа райы болады", - дейді мамандар. 

Айта кетейік, бүгін астанада алғашқы қар жауды. Бұған дейін Қазақстанның шығысында, сондай-ақ, Алматы мен Қарағанды облыстарында қар түскен еді.

Солтүстік пен шығыстағы ауа-райы

Алдағы күндері солтүстік және шығыс аймақтарында ауа температурасы минус 6-ға дейін төмендейді. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында ертең түнде термометр бағанасы 0-ден төмен болса, 9 қазанда минус 11-ге дейін барады. Күндіз -3+2 болады. 

Ал Солтүстік Қазақстан облысында түнде -3-8 болса, күндіз -2+6 градусқа дейін көтеріледі деген болжам бар. Нұр-Сұлтанда күн суытады. Түнде ауа температурасы минус 8-ге дейін түссе, күндіз +6-ға дейін жылиды.

Жаңалықтар
0