Өңірлер

Алматы облысында түрмеде төбелес шықты

Жазылу
Үш сотталушы Қапшағай қалалық ауруханасында жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Колонияда қазір жағдай тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Алматы облысында қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қазан күні қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде болды. Бірнеше тұтқын арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал шықты.

"Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерилері жанжалдың одан әрі ушығуына жол бермеді. Жаппай тәртіпсіздіктің алдын алды", - делінген хабарламада.

Сотталғандарға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр, жағдайы қанағаттанарлық.

Комитет қазір түрмеде жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін колонияға ҚАЖК басшылығы, арнайы прокурор, сондай-ақ, ұлттық превентивті механизм және қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілдері келді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0