Өңірлер

Қазақстанда екі облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысында өңір басшысының жаңа орынбасарлары қызметке кірісті

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — Sputnik. Иван Турков Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда болған Антон Федяев қоластындағы қызметкердің жемқорлықпен ұсталуына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болды.

© Photo : Пресс-служба акимата СКОСолтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Иван Турков
Қазақстанда екі облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Иван Турков

Турков Жамбыл және Тайынша аудандарының әкімі болған. 44 жастағы әкім орынбасары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласына жауап беретін болады.

Ал Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Нұрсұлтан Жиенбаев кірісті. Бұған дейін өңір басшысының орынбасары болған Ермағанбет Бөлекпаев енді Қарағанды қаласының әкімі болады.

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаҚарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Нұрсұлтан Жиенбаев кірісті
Қазақстанда екі облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне Нұрсұлтан Жиенбаев кірісті

Нұрсұлтан Жиенбаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту институтының басқарма төрағасы болған еді.

39 жастағы Жиенбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар саласына жауапты болады.

Жаңалықтар
0