Өңірлер

Алматы тұрғыны халықты бір миллион долларға алдап кеткен

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуОнлайн-аукцион, иллюстративное фото
Онлайн-аукцион, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24 жастағы ер адам банктерде кепілдікте тұрған мүлікті аукцион арқылы арзан бағамен сатып әперемін деп достарынан, тіпті туыстарынан да ірі көлемде ақша алған

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан – Sputnik. Алматыда адамдардан ірі көлемде ақша алып, алдап кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәровтың айтуынша, 24 жастағы ер адам банктерде кепілдікте тұрған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті аукцион арқылы арзан бағамен сатып әперемін деп достарынан, тіпті туыстарынан да ірі көлемде ақша алып, алдаған.

Оқи отырыңыз: Алматыда 800-ге тарта адамды алдап кеткен қылмыстық топ қолға түсті  

"И. есімді азаматтың банктермен байланысы болмаса да, кепілдікке қойылған мүлік аукционының жұмыс істеу тәртібін білген. Ол алдымен адамдарды аукционмен үйді немесе көлікті нарықтық бағадан едәуір төмен әрі тиімді бағамен сатып алуға болатындығына сендірген. Одан кейін ақша қажет деп айтқан. Кейбір клиенттері бірден бірнеше мүлік алуға тапсырысы беріп отырған", - дейді Іңкәров.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі оған бірден 182 миллион теңгесін берсе, тағы бір адам 386 мың АҚШ долларын қолына ұстатқан. Бүгінде материалдық шығынның жалпы көлемі шамамен бір миллион долларды құрап отыр.

"Әрине, ол міндеттемені орындауды ойламаған. Ақшаны оңды-солды жұмсай берген. Мәселен, өзіне екі пәтер және жаңа көлік сатып алған. Одан кейін шетелге барып келген. Былайша айтқанда, өз жағдайын жасап алған", - деп атап өтті Іңкәров.

Қазіргі кезде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі – ірі көлемде алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Осы адамның қылмыстық іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-701-666-69-54, 8-707-834-83-33 немесе 102", – деді полковник Іңкәров.

Жаңалықтар
0