15:48 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
42 0 0

Министр жоба аясында операторлар "Шеринг" шартына қол қойып, бір-бірінің базалық станцияларын пайдалана алатынын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың соңына дейін 5 200-ден астам елді мекенге интернет тартылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі уақытта барлық қала және 4 500-ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін жалпы 5 200-ден астам елді мекенге интернет жеткізіледі", – деді Мусин үкімет отырысында.

Министр интернет желісін дамыту үшін елде екі ауқымды жоба жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Біріншісі – мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігі арқылы оптикалық интернет тарту.

"Жоба бойынша 2,4 миллион адам тұратын 1 260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға ғана оптикалық линия тартылса, биыл мыңға жуық ауыл қосылуда. Пандемияға қарамастан жұмыстар толық орындалып жатыр. Бұл жобаға 75 миллиард тенгеге жуық инвестиция тартылды. Жоба аясында 3 700 мемлекеттік органға байланыс жеткізілді", – деді ол.

Мусиннің айтуынша, екінші жоба халқы 250 адамнан асатын 928 ауылдық елді мекенді 3G және 4G технологиялары бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді.

Қазіргі уақытта 72 елді мекен мобильді интернетке қосылған. Бұл жобаның орындалуы үшін операторлар төлейтін арнайы салық төлемдері төмендетілуде. Тиісті нормалар мәжілістің қарауынан өтті.

Министр жоба аясында операторлар "Шеринг" шартына қол қойып, бір-бірінің базалық станцияларын пайдалана алатынын айтты.

Сондай-ақ, мобильді байланыстың базалық станцияларын оптикаға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: "Көздегі интернет, сөйлейтін чип". Алдағы 30 жылда не болады?

Сонымен қатар, Мусин 5G ұялы байланыс стандартын енгізу жайына да тоқталды.

Айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желісі 2022 жылы іске қосылады. Ал облыс орталықтарында 2025 жылға дейін қосу жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша

Қазақстанда интернет арқылы қанша ақша табуға болады
Байланыс операторлары интернет неге баяу істеп тұрғанын түсіндірді
Пандемия білім алуға кедергі емес: қазақстандықтар интернет арқылы оқуға түсе алады
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Кілт сөздер:
жаңа технологиялар, ауылдар, интернет
Загрузка...

Басты тақырып