Өңірлер

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

© Photo : СС0 / ArtisticOperationsРебенок за компьютером
Ребенок за компьютером - Sputnik Қазақстан
Жазылу
IOI 2020 нәтижесі бойынша "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов екінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"Қазақстанның құрама командасы информатикадан халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижесі бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов күміс медаль жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушысы қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәнінен республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Оқи отырыңыз: Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды 

Айта кетейік, информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас бағдарламашылары жиналады.

Олимпиада әлемде ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

Жаңалықтар
0