04:48 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
644 0 0

Күдікті микрокредиттік ұйымдардан алған ақшаны букмекерлік компаниядағы ставкаларға жұмсаған, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда ең жақын досының атына 14 кредит рәсімдеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің ақпаратынша, Павлодар қаласының тұрғыны белгісіз біреу оның атына 2 500 000 теңге несие алғанын айтып, полицияға жүгінген. Ер адам қарыз туралы несие ұйымдарынан кредитті қайтаруды талап ете бастағанда бір-ақ білген.

"Тергеу барысында полиция осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтады және ұстады. Ол өз кінәсін мойындады. Бұл жәбірленушінің ең жақын досы болып шықты", - деді полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Белгілі болғандай, былтыр күдікті досынан жалақы алу үшін банк картасын ашуды өтінген. Досы да сөзсіз көмектесуге келісті.

Күдікті сол арқылы жолдасының жеке мәліметтерін біліп, түрлі микрокредиттік ұйымдардан 14 кредит алған. Ақшаны букмекерлік компаниядағы ставкаларға жұмсаған.

Тағы оқыңыз: Халықтың кредиті кешіріле ме – экономистер жауап берді

Қазір Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 4-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, 4 мың АЕК-ке дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 4 жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тақырып бойынша

Өскемендік алаяқ жиһаз жасап беремін деп 16 адамды алдап кетті
"Өлесің деп қорқытқан": Қостанайда желі арқылы баланы бопсалаған алаяқ ұсталды
Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
"Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек
Кілт сөздер:
полиция, кредит
Загрузка...

Басты тақырып