06:27 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11056 0 0

Алматыда 3 801 әкімшілік хаттама толтырылды, 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кәсіпкерлік нысандар мен жеке тұлғаларға бір аптада бес миллион теңге айыппұл салынды. Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қарасты мониторингтік топ он нысан мен 51 жеке тұлғаның карантин режимін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар әкімшілік соттың қарауына бір материал тапсырылған.

Қалада мониторингтік топ 17 тамыздан бері шағын және орта бизнестің эпидемиялық талаптарды сақтауына қатысты тоғыз мыңнан астам тексеру жүргізген.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 3 801 хаттама толтырылды. 2 693 жеке тұлғаға маска режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Шағын және орта бизнестің 1 635 субъектісі өз еркімен қызметін тоқтатты. Сотқа 19 материал тапсырылған", - деп хабарлады департамент.

Негізгі тәртіп бұзушылықтар – маска режимінің сақталмауы, жұмыс режимінің бұзылуы, дезинфекциялық құралдардың болмауы, жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыру.

"18 қыркүйекте Жетісу ауданында орналасқан "Данияр" мейрамханасында ұзату той өткізілгені туралы ақпарат келді. Одан кейін жедел түрде мониторингтік топ Жетісу ауданының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп тексеруге барған. Банкет 50 адамның қатысумен өткізілген. Жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағы бойынша 230 АЕК (638 940 теңге) мөлшерінде әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылды", - деді департамент өкілдері.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі 

Одан бөлек, 20 қыркүйекте түнде Медеу ауданында жекеменшік үйде құдалық өткізіліп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жеке тұлғаларға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылған.

Әуезов ауданының мониторинг топтарының жұмысы барысында "Мята" кафесінің түнгі 23.00-ден кейін жұмыс істегені, сондай-ақ, адамдардың топтасып, жиналғаны анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес, отбасылық мерекелерді, есте қаларлық шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, құдайы тамақ) өткізуге тыйым салынған.

Тақырып бойынша

"Енді ұят болады": Танымал қазақ әншісі фонограммаға қатысты ойын айтты
Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды
Өскеменде тойға келген қонақтар терезе арқылы қашты – видео
Жүздеген адам білім министрімен фотоға түскен – санитарлар айыппұл салды
Полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырған астаналықтарды іздестіріп жатыр
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді
Кілт сөздер:
айыппұл, той, құдалық
Загрузка...

Басты тақырып