06:32 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
947 0 0

Өнербаевтың қол астындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін ұсталған болатын, оның отставкаға кету туралы арызына облыс әкімі қол қойды

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев өз еркімен отставкаға кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Құрметті Текелі тұрғындары! Мен Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Бүгін облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы отставкамды қабылдады", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Бақтияр Өнербаев бұл қызметті 2016 жылдың қарашасынан бері атқарған.

"Текелі қаласында әкім болып қызмет еткенімді үлкен мәртебе санаймын. Сіздермен бірге қоян-қолтық Текелінің өсіп-өркендеуіне, дамуына қолдан келгенше үлес қостық. Бір қуантатыны, Текелі қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болған су мәселесі жартылай шешілді, енді жалғасын табады. Екіншісі – экологиялық мәселе, яғни, қорғасын-мырыш комбинаты өндірістік қалдықтарының рекультивациясы жобасы басталды, жыл соңына дейін аяқталуы қажет", - деп жазды Өнербаев.

Оқи отырыңыз: Отставкаға өтініш берген шенеуніктердің аты-жөні жарияланды 

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қол астындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені дәлелденген шенеуніктердің аты-жөнін жариялаған болатын. Оның ішінде Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев та болды. 22 тамызда Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Норқұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сәйкес, Өнербаев 27 тамызда отставкаға кету туралы арыз жазған.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 60-бабы 2-тармағына сәйкес отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешім бір ай ішінде президент әкімшілігімен келісіле отырып қабылданады.

Тақырып бойынша

Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
Агенттік жұмыстан кеткен басшылар туралы ақпарат жариялады
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Кілт сөздер:
отставка, жемқорлық
Загрузка...

Басты тақырып