Өңірлер

Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео

© AFP 2024 / Noel Celis Архивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, қылмыс жасаған күдіктілер қазіргі кезде өз кінәсін толық мойындап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері өзгенің көліктерін жымқырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Тәжікстан азаматы арызданған. Ол өз шағымында 2020 жылдың мамыр айында Қапланбек шекара бекеті маңындағы автотұраққа қойып кеткен тоғыз автокөлігін белгісіз адамдар ұрлап кеткенін айтып, көмек сұрайды.

"Бұл жағдайды полицейлер іс құжатына Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тіркеді. Сөйтіп, сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін жымқырған күдіктілерді ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы іздестіруге кірісті", – делінген ақпаратта.

Кешенді жұмыстар жүргізу нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілерді анықтады. Олар жәбірленуші көліктерін сеніп тапсырып кеткен автотұрақта жұмыс істеген әйел мен оның ұлы болып шықты. Қылмыс жасап, Қазығұрт ауданындағы туысының үйіне жасырынған күдіктілер қазіргі кезде өз кінәсін толық мойындап отыр. 

Тергеу барысында 2019 жылы алаяқтық әрекеті үшін жергілікті тұрғынның 3,5 жылға бас бостандығы шектелгені анықталды. Ол анасын көндіріп, көліктердің алтауын Шымкент қаласында бес миллион теңгеге сатқан. Ал қалған көліктерді Сарыағаш қаласында бөлшектеп 2,5 миллион теңгеге өткізіп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберген.

Осылайша, олар алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, Қылмыстық кодекстің 188-бабында көрсетілген әрекетке барған. Сондықтан аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 189-бабынан 188-бабына ауыстырды.

Оқи отырыңыз: Әсемдікке құштарлық: Астанада иіссу дүкенінің күзетшісі ұрлық жасап сотталды

Ал айғақты зат ретінде көліктер тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0