Өңірлер

Қарағанды тұрғыны тоғыз миллион теңгесін қаржы пирамидасына салып жіберген

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен 58 жастағы әйелді ұстады. Қазіргі уақытта басқа да күдіктілер іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда тәртіп сақшылары қаржы пирамидасын құрған әйелді ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

16 қыркүйек күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына 27 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті.

Ол өз арызында 2019 жылдың тамыз айында қомақты қаражат табуға көмектесемін деп уәде берген фирма басшысына жолыққанын айтқан. Оның "байлыққа белшеден батырамын" дегеніне сеніп, жәбірленуші фирмаға үстеме ақы табу мақсатында тоғыз миллион теңге қаржы құйған. Алайда арада жыл өткенде не үстеме ақы, не өзінің салған тоғыз миллион теңгесін ала алмаған жәбірленуші "қаржы пирамидасының" арбауына түскенін сезіп, полицияға арызданған.

"Ақшаларыңды қайтармаймын": Ломбард басшысы халықты қалай алдағаны белгілі болды

27 жастағы жәбірленуші жалған фирманың басшысы 51,58 жастағы әйелдер мен 24 жастағы жігіт екенін айтқан. Полиция қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 58 жастағы әйел ұсталды, ол кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басқа да күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0