02:55 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
257 0 0

Арнайы комиссияның шешімімен өлген құстардың иелеріне жануарлардың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. 9-16 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында әртүрлі үй құстары өлген, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық анықтамалық орталық аудандарында қанаттылардың қырылуына жоғары патогенді құс тұмауы себеп болғаны анықталды. 

Қабылданған ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына аурудың өршігені туралы хабарлады.

Оқи отырыңыз: Ресейдің Қазақстанмен шекаралас облысында құс тұмауының ошағы табылды 

Өңірде жоғары патогенді құс тұмауының таралуына жол бермеу мақсатында кешенді шаралар қабылданып жатыр: вакциналар алынды, індет тіркелген аумақтар залалсыздандырылуда, құстардың өлекселері жойылуда, құс шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды.  

"17 қыркүйектен бастап Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізді", – деп мәлімдеді АШМ баспасөз қызметі.

Аса қауіпті ауруды жою үшін АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясы қазіргі уақытта міндетті іс-шаралар кешенін, оның ішінде құстардың өлекселерін жою, үй-жайлар мен аула аумақтарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың отандық препарат бөлінді. Арнайы комиссияның шешімімен өлген құстардың иелеріне жануарлардың орташа айлық нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді.

Тақырып бойынша

Қазақстанның солтүстігінде үй құсы қырылып жатыр: прокуратура жағдайды бақылауға алды
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, тұмау, құс
Загрузка...

Басты тақырып