23:48 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
589 0 0

Ол көлігін тұраққа қойып жатқан кезде терезеден түсіп, ілініп қалған баланы көрген. Ер адам кішкентай қызды құтқарды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Көкшетауда 5 жасар қызды құтқарған ер адам мүгедек болып қалды.

Николай Панюшкин осыдан төрт жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. Ол көлігін тұраққа қойып жатқан кезде терезеде ілініп қалған баланы көрген. Ер адам кішкентай қызды құтқарды. Алайда мұның салдары ауыр болды.

Бірақ қыздың ата-анасы баланың үйде жоқ екенін көрмей де қалған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Бесінші қабатқа көтеріліп, әжесінен: "Немереңіз қайда?" деп сұрадық. Олар: "үйде" деп жауап берді. Біз баланың терезеден құлап кеткенін айттық. Кейін қыздың анасы келді", - дейді Панюшкин.

Кішкентай Дана аман қалды. Ал Николай төсек тартып жатыр. Баланы құтқарған кезде омыртқасына қатты зақым келді. Ал қыздың ата-анасы көмек көрсетпеді.

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Рауза Көкенова олар ер адамға алғыс та айтпағанын жеткізді.

"Кешірім де сұраған жоқ, алғыс та айтқан жоқ. Ал адам қиналып жатыр. Мүгедек болып қалды, үш операция жасалды. Қыздың отбасы бұл үйден көшіп кетті", - дейді ол.

Тақырып бойынша

"Апама хабарласыңызшы" Көкшетауда көшеден табылған хат әйелдің өмірін құтқарды
Басына оқ тиген Алматы тұрғыны аман қалды
"Көгеріп кетті": диспетчер зейнеткерді телефон арқылы өлімнен құтқарды
Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео
Алматыда полицей ұйықтап жатқан адамды ажалдан құтқарды
Кілт сөздер:
мүгедек, видео, қыз, Көкшетау
Загрузка...

Басты тақырып