Өңірлер

Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр

© Sputnik / Абзал КалиевКлючи, иллюстративное фото
Ключи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш тұрғын жаңа ғимараттан пәтер алу кезегін ілгерілету үшін тұрғын үй инспекциясының қызметкеріне пара берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында кезектен тыс пәтерге қол жеткізген тұрғындар 10 күн ішінде баспананы босатып беруі тиіс. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2017 жылдың желтоқсан айында "Отырар" шағын ауданының үш тұрғыны жаңа ғимараттардан пәтер алу кезегін алға жылжыту мақсатында тұрғын үй инспекциясының қызметкеріне пара бергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы ("Ірі көлемдегі алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал заңда мұндай іске кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, пара бергендер жазасыз қалмайды.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды

Осыған байланысты сот орындаушылары заңсыз үй алғандарға 10 күн ішінде пәтерді босату туралы хабарлама берді. Олай болмаған жағдайда пәтер "иелерін" қылмыстық жауапкершілікке тартып, қосымша шаралар қолданылады.

Жергілікті билік өкілдері қазіргі кезде тұрғын үй кезегі мемлекеттік деңгейде бақыланатынын айтады. Сонымен қатар, оған қандай да бір негізсіз өзгеріс енгізу мүмкін еместігін де ескертеді.

Жаңалықтар
0