17:51 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4738 0 0

Құрылғына бір жыл болған "Эльмира" жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай қаласында тұратын кәсіпкер күніне 350 мың теңгенің кір сабынын өндіріп отыр, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Эльмира Жалтеева 505 мың теңге көлемінде қайтарымыз мемлекеттік грант жеңіп алып, кір сабын өндірісін қолға алған.

"Құрылғына енді бір жыл болған "Эльмира" жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды. Сұраныс артқан кезде 10 мың данаға дейін ұлғаяды екен. Әр сабынды 70-80 теңгеден саудалап, күніне 350 мың теңгенің өнімін өндіреді", - делінген хабарламада.

Отбасылық кәсіпті 2 адам дөңгелетіп отыр. Аталған кәсіптің шығыны аз, өйткені қолданылған тоң май сатып алып, қайнатады. Кір сабын дайындау үшін бар керегі – тоң май мен сода. Негізгі тұтынушылар – Жетісай ауданының тұрғындары.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкерлер кредиті субсидияланады – президент тапсырмасы қалай орындалады 

Өнімнің сапасы жоғары, әрі табиғи таза. Алдағы уақытта сұраныс артып, өнім өзге облыстарға жөнелтілетін болса, кәсіп иесі цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ.
Айта кетерлігі, 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 миллион теңге қаржы берілген.

Тақырып бойынша

Тоқаев төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты
Қазақстанда заңсыз пәтер жалға бергендер қанша айыппұл төлейді?
Бірнеше пәтері бар 20 мыңнан астам адам салық төлемеген
Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды
Отандық бизнес жыл соңына дейін салық тексерісінен босатылды
Загрузка...

Басты тақырып