Өңірлер

Оралда жоғалған бала өлі табылды

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок с игрушкой, архивное фото
Ребенок с игрушкой, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланы полицейлер, мұғалімдер мен еріктілер бірге іздеген болатын. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек – Sputnik. Кешкі сағат алтыда үйінен шығып, қайта оралмаған баланың туыстары бір күн бұрын  полицияға хабарласты. Бүгін оның денесі салынып жатқан тұрғын үй аумағынан табылды. 

9 жасар баланы полицейлер, туыстары және мүғалімдер бір тәулік бойы іздеді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Даун синдромы бар бала бірінші топтағы мүгедек болған. Ол дұрыс сөйлей алмайтын.

Баланың денесі Ескі әуежай ауданында салынып жатқан үйдің аумағынан табылды. Полиция ол құрылыс алаңына барып, биіктіктен құлады деген болжам жасап отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: ШҚО-да қайтыс болған баланың көршілері күдікті туралы айтып берді

Жаңалықтар
0