Өңірлер

Тоқаев Шығыс Қазақстанға не үшін баратынын айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана
Касым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған және өмір сүрген жеріндегі нысандарды аралап көреді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына қазан айында жұмыс сапарымен барады.

Мемлекет басшысы Twitter-дегі аккаунтында 4 қыркүйекте Ақордада ШҚО әкімі Даниал Ахметовті қабылдағанын хабарлады.

"Ол Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Семейдегі Абайдың музей кешені, ақынның туған және өмір сүрген жеріндегі нысандардың барлығы толықтай жаңғыртылды. Облысқа қазан айында жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көремін", - деп жазды Қазақстан басшысы.  

Абайдың мерейтойы

Биыл Қазақстан ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтіп жатыр. Бір жыл бұрын мемлекет басшысы айтулы датаны кең көлемде атап өтуге тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: Абайдың отаны Семей туралы қызықты деректер 

Ұлы ақынның мерейтойын атап өту үшін 3,2 миллиард теңге бөлінді, алайда коронавирус пандемиясына байланысты смета қысқартылды, жоспарланған бірқатар шарадан бас тартуға тура келді. Абай өмір сүрген өлкедегі музейлер, кесенелер мен орталықтардың жоспарланған барлық құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.  

Жаңалықтар
0