06:13 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
7223 0 0

Күздің басында Қазақстан аумағында ыстық ауа райы сақталады. Ауа температурасы қыркүйектің алғашқы онкүндігінде төмендейді

АЛМАТЫ, 1 қыркүйек — Sputnik.  2020 жылдың қыркүйегінде орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде норма шамасында болады.

Ал Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда ауа температурасы нормадан 1°С-қа төмен болады деп болжанып отыр.

Үсік жүреді

"Қазақстанның басым бөлігінде айдың бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда айдың соңында үсік жүруі мүмкін. Алайда консультативтік болжамға сәйкес, -5 градусқа дейін үсік солтүстік өңірлерде қыркүйектің екінші онкүндігінде, ал оңтүстікте үшінші онкүндікте болады", - делінген "Қазгидромет" ақпаратында.

Жауын-шашын мөлшері норма шамасында

Синоптиктердің болжамына сәйкес, қыркүйекте жауын-шашын тамызбен салыстырғанда аз түседі. Оған температураның төмендеуі кезінде ауа құрамындағы ылғалдың азаюы себеп болып отыр.

"Қыркүйекте жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында түседі.  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп жауады", - деген болжам жасады синоптиктер.

Ал Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қарағанды облысының батысында жауын-шашын нормадан аз жауады.

Күздің басында Қазақстан аумағында ыстық ауа райы сақталады. 3-6 қыркүйекте белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде ауа массаларының ауысуы болады. Жел 15-25 м/с дейін күшейіп, жаңбыр жауады.

Ауа температурасы төмендейді

Қыркүйектің алғашқы он күнінде ауа температурасы төмендейді. Соған сәйкес, республиканың батысында түнде +15+20°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +27+38°С-тан +20+27°С-қа дейін төмендейді деп болжанды. 

Солтүстік пен орталықта түнде +10+18°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +10+20°С-қа дейін төмендейді.

Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде +13+22°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +21+28°С-қа дейін төмендейді деген болжам жасалды.

Онкүндіктің соңында шығыста түнде ауа температурасы түнде +2+10°С, күндіз  +15+25°С шамасында болады.

Алғашқы онкүндіктің соңында еліміздің басым бөлігінде күн қайтадан жылынады. Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін өзгереді.

Республиканың оңтүстігі мен батысында түнде +5+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +10+20°С-қа дейін төмендейді.

 

Тақырып бойынша

Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады
Вице-министр күзде коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін екенін айтты
Қарағанды облысында отыз ғимараттың шатырын жел ұшырды
Күзде теңге тағы құнсыздана ма – сарапшылар пікір білдірді  
Кілт сөздер:
күз, ауа райы, қыркүйек
Загрузка...

Басты тақырып