Өңірлер

Үш сценарий әзірленді – Алматыда COVID-19 күзгі толқынына дайындалып жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинРаботники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов
Работники инфекционного госпиталя тщательно готовятся к встрече пациентов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы call-орталық жұмыс істейтін болады. Қосымша желі 103-ке түсетін жүктемені азайтып, коронавирусқа байланысты шұғыл қоңырауларға дер кезінде жауап беруге жағдай жасайды

АЛМАТЫ, 30 тамыз - Sputnik. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров Алматының жедел жәрдем қызметінің пандемияның жаңа толқынына дайындығымен танысты.

"Қазіргі уақытта 180 бригада жұмыс істейді. 3 мыңнан астам қызметкер бар. Мамандар қорғаныш құралдарымен толықтай қамтамасыз етілген. Вирус өршіген жағдайда 103 желісінің санын 30-дан 50-ге дейін көбейтеміз. Қоңырау қабылдайтын фельдшерлер саны 12-22-ге, бригадалар саны 220-ға дейін артады", - деді Алматы қалалыұ жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Біржан Оспанов.

COVID-19 жұқтыру шыңы болған жағдайға байланысты іс-қимыл алгоритмі әзірленген.

"Жоспар дайын, үш негізгі сценарий бар. Медицина қызметкерлері соған сәйкес әрекет етеді. Барлық медицина қызметкері тиісті оқытудан өтті", - деді Оспанов.

Арнайы 3000-505  call-орталығы жұмыс істейтін болады. Қосымша желі 103-ке түсетін жүктемені азайтып, коронавирусқа байланысты шұғыл қоңырауларға дер кезінде жауап беруге жағдай жасайды.

Оспановтың айтуынша, Алматыда КВИ бойынша түсетін қоңырау саны азайған.

Жаңалықтар
0