Өңірлер

"Әр балаға отыз мыңнан берілсін": Қызылордалық көпбалалы аналар шу шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок с планшетом, дистанционное обучение
Ребенок с планшетом, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы аналар биліктен қаржылай қолдау сұрап отыр. Тіпті оқуға қажетті техникаларды уақытша емес, "басыбайлы беріңдер" деп талап қойды  

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қызылордалық балалар қашықтықтан білім алуға дайын емес. Бүгін облыс әкімінің алдына жиналған көпбалалы аналар осылай деп шу көтерді.

Әдетте әкімдік қоршауынан әрі асырмайтын шенділер, жиналғандарды автобусқа отырғызып алып кетті. Полицияға емес, жақын маңдағы мектепке апарып, жиын өткізді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Тұрмыстың тауқыметінен титықтадық" деген аналар биліктен қаржылай қолдау сұрап отыр.

"Әр балаға отыз мыңнан берілсін. Оқу құралдарына. Бізге киім-кешегі керек емес. АСП-ның азық-түлігін беріп жатыр. Адам жейтін нәрсе емес. Тек сүтін ғана ішіп жатқан шығармын", - дейді көпбалалы ана Жадыра Салыбаева.

Аналарды алаңдатқан жайт жалғыз бұл емес. Жаңа оқу жылы басталуына санаулы күн қалса да, қашықтықтан оқуға қажетті техникалар қолымызға тимеді дейді олар. 

"Компьютер, планшетті қайтарымды қылып беріп жатыр. Соны бізге қайтарымсыз қылып берсін. Қыркүйектің онына дейін белгілі болады деді. Қыркүйектің онына дейін балаларым сабаққа бармайды", - дейді аналардың бірі көп балалы ана.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар шілдеде 5,4 миллиард теңгенің көмегін алды  

Базыналы халықты облыс әкімінің орынбасары өзі тыңдады. Ол барлығы заң шеңберінде шешілетіндігін айтып, талаптарының орынсыз екендігін ашық айтты.

"9400-дің үстінде мектеп компьютері таратылып беріледі. Жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге республикалық бюджеттен 22 мың 800-дің үстінде электронды құрылғы алынады. Соны қайтарымсыз беріңдер дейді. Ол мемлекеттің мүлкі, біз оны таратып бере алмаймыз. Өйткені мемлекеттің, заң алдында жауап береміз", - деп түсіндірді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Облыстық білім бөлімінің мәліметінше, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тоқсан пайызы қажетті техникамен қамтылған. Одан өзге демеушілер есебінен де жүздеген бала құрылғыға қол жеткізіпті. Ал дау тудырған жағдайы төмен отбасының балаларына берілетін заманауи құралдар бір айдың көлемінде иелеріне табысталады деп сендірді. 

Жаңалықтар
0