Өңірлер

"Сұмдық қой, қалай істеген?": Төле би ауданында түсірілген видео қызу талқыланды

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивное фото дождя в Астане
Архивное фото дождя в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мердігер компания бір көлік әзер сиятын жолды екіге бөліп қойған, салдарынан көліктер күнде жол ережесін бұзып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында тар жолға жолақ сызғандар күлкіге қалды. Төле би ауданына қарасты Жаңаұйым ауылына кіреберістен бастап сызылған бүтін сызықты баспау мүмкін емес, ал бассаңыз, қып-қызыл айыппұл төлеп, тіпті жүргізуші куәлігінен айырыласыз. 

Бір көлік әзер сиятын жолды екіге бөлу үшін шашылған миллиондарды ел әлеуметтік желіде қызу талқылап жатыр, деп хабарлады КТК.

"Мына жолақ сұмдық, қалай жүресің?! Тіке жүрсең, ереже бұзасың. Бір дөңгелегің мына жақта, біреуі ана жақта. Сұмдық қой, қалай істеген?! Қазір МАИ келсе, айыппұл салады. Қане, ереже бұзсақ та, жүрейік", - дейді видеода сөйлеген жүргізуші.

Ауылға кіріп-шығып жатқан көліктер осылайша күнделікті жол ережесін бұзып жатыр. Ені екі метрден сәл ғана асатын жолда басқа амалы да жоқ. Ал шенеуніктер жолдың тарылуын көктемдегі сел кезінде оның екі жағын су шайып кетуімен түсіндірді. Сызуға тапсырыс берген әкімдік өкілдері орындаушы компания шатасып, жолақты өзге ауылға қарай салып жібергенін, сондықтан өздері бүгіннен бастап сызықты қайтадан өшіріп жатқанын айтады.

"Қайта жөндейсіздер": Көлгінов жол салушыларға ескерту жасады 

Негізсіз жолақ сыздыртқаны үшін әкімшілік полиция Төле би аудандық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің басшысына 55 мың теңге айыппұл да салыпты. Әкімдік 25 шақырымдық жолақтың құны 4 миллион десе, орындаушы мекеме жоба құны 7 миллион теңгеден асатынын айтады. Жолақты әкімдіктің көрсетуімен ғана сызғанбыз деп отыр.

"Тапсырыс беруші "былай сыз" десе, біз солай сызамыз. Онда тұрған ештеңе жоқ. Қате болса, жөндейміз. Айтылған нәрсені істейміз", - деп түсіндірді мердігер компанияның басшысы Серік Сейданов.  

Жаңалықтар
0