Өңірлер

Қарағандыда қаруланған қылмыстық топ ұсталды 

© Photo : предоставлено очевидцамиНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілерден 4 тапанша мен 133 патрон тәркіленіп алынды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі Қарағанды қаласында қылмыстық топтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жалған шот-фактуралар беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асыратын қылмыстық топқа қатысты тергеу шараларын бастады. Сол кезде қару мен оқ-дәрілерді заңсыз алу және сақтау фактілері анықталды. 

"Қылмыскерлерден 4 тапанша мен 133 патрон оқ-дәрі тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 2-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді тергеушілер.

Айта кетейік, бұл бап бойынша 2 000 АЕК(5,5 млн теңгеден астам) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Арнайы операция: ҰҚК қылмыстық топ мүшелері қандай көмек көрсеткенін айтты

Жаңалықтар
0