Өңірлер

Алматыда карантин режимін сақтамаған мыңнан астам адамға айыппұл салынды

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVПолицейские проверяют транспорт на улицах карантинного Алматы
Полицейские проверяют транспорт на улицах карантинного Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша медициналық бетперде тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Алматыда карантин нормаларын сақтамаған мыңнан астам адамға айыппұл салынды. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қалада гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінен арнайы мониторинг жүргізетін топтар құрылды.

"5 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 1 022 адам тартылды. Оның ішінде 90 адам өткен тәулікте анықталды", - делінген ақпаратта.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғындары көп келетін орындар, қызмет көрсету, тамақтану орындары үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар санитар дәрігердің талаптарына қайшы қызмет көрсететін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істеп тұр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев карантинді тағы ұзартты

Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша медициналық бетперде тақпағаны үшін 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

Жаңалықтар
0