Өңірлер

Маска тағудан бас тартқан 22 жастағы алматылық қыз сот алдында жауап береді

© Sputnik / Тимур БатыршинОбщественный транспорт в Алматы
Общественный транспорт в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобуста маска тағудан бас тартқан бойжеткенге 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ іс ұсақ бұзақылық бойынша шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Алматыда қоғамдық көлікте карантин шараларын бұзған және автобуста бақылаушының телефонын қағып жіберген бойжеткен жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Полиция әлеуметтік желіні бақылау кезінде қоғамдық көлікте карантин шараларын бұзу фактісін анықтаған. Одан кейін жергілікті полиция қызметі тергеу жүргізіп, заңға сәйкес шара қолдану үшін 1998 жылы туған Е. есімді бойжеткенді іздеп тапты.   

Ол қаланың Алатау ауданында тұратыны белгілі болды.

"Бірден екі әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзуы") бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сонымен қатар іс әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі.  

Оқи отырыңыз: Алматылық бойжеткеннің біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр - видео 

Айта кетейік, Алматы автобустарының бірінде жолаушының бетперде тақпай, автобус жүргізушісімен сөзге келіп, бақылаушының телефонын сындырғаны түсірілген видео таралған болатын.

Жаңалықтар
0