Өңірлер

Алматы кіреберісінде бекеттер қойылады

© AFP 2024 / RUSLAN PRYANIKOVКазахская полиция установила блокпост на въезде в город Алматы
Казахская полиция установила блокпост на въезде в город Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тыйым салынады

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Құрбан айт қарсаңында қала аумағына жануарларды алып келуді болдырмау үшін Алматы қаласының кіреберістерінде бекеттер ұйымдастырылады. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігерінің 24 шілдеде қабылданған қаулысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұрынғыдай блок бекеттер қойылмайды, бірақ қалаға кіретін көліктер тексеріледі", - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 31 шілде – 2 тамыз аралығында Алматы қаласындағы мал сою цехтары мен мал сату базарының жұмысы тоқтайды. Сонымен қатар қала аумағында мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үйлерде мал сатуға тыйым салынады. 

"Алматыдағы барлық ұйымдар, соның ішінде жеке үйлерде адам көп жиналатын шара өткізуге болмайды", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

2020 жылы Құрбан айт 31 шілде-2 тамыз аралығына түсіп отыр. Пандемия кезінде құрбандық шалуға онлайн режимде Qurban2020.kz сайты арқылы өтінім беруге болады.

"Сайт арқылы құрбандық шалуға тапсырыс беру және мұқтаж жандардың ет алуға өтініш қалдыруы 24-30 шілде аралығында жүргізіледі. Биыл пандемияға және карантин талаптарына байланысты онлайн құрбандық шалуға тапсырыс бергендердің отбасы үлесі берілмейді, құрбандық еттері толығымен мұқтаждарға үлестіріледі", - деді Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай.

Айта кетейік, карантин талаптарын сақтау мақсатында Құрбан айт намазы мешіттерде оқылмайды. Оның орнына әркім өз үйінде 2 ракат нәпіл намазын оқыса болады.

Жаңалықтар
0