Өңірлер

Алакөл қайтадан ашылды - видео

© Photo : Акимат Алматинской областиОзеро Алаколь
Озеро Алаколь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алакөл карантинге жабылған болатын. Жергілікті тұрғындар облыс әкіміне үндеу жасап, президенттің атына хат жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Магомед Исмаилов Алакөлді жабу туралы қаулының күшін жойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

22 шілде күні Үржар ауданының бас санитары Ляззат Шокобалинова Алакөл аймағында демалушыларды қабылдауды тоқтату туралы қаулы шығарған болатын. Осыдан кейін жергілікті тұрғындар облыс әкіміне үндеу жолдап, президенттің атына хат жолдады. Кәсіпкерлер бір күннің ішінде бетон блоктарының қойылғанына наразылық білдіріп, Алакөлдің жағасын 30 тамызға дейін жаппауды талап етті. Себебі көбі кредит алған. Ал демалғысы келетін адамдар қонақүйде орынды брондап қойған, билеттерді де сатып алды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ANATOLIY KIM (@kazmma)

Бүгін облыстың бас санитары өз әріптесі шығарған қаулының күшін жойды.

"2020 жылғы 24 шілдеден бастап "Үржар ауданының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша одан әрі шаралар туралы" Үржар ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілдедегі №7 қаулысының қолданылуы тоқтатылсын", - делінген қаулыда.

Тағы оқыңыз: Астана іргесіндегі Көбейтұз көлі туристер үшін жабылды

Жаңалықтар
0