18:58 26 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2458 0 0

Оқиға 24 шілдеге қараған түні сағат он екі жарымда қаладағы орталық көпірде болған. Себебі анықталып жатыр

АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Атырауда әйел бес жасар баламен бірге көпірден секірмек болды. Ол 24 шілдеге қараған түні сағат он екі жарымда қаладағы орталық көпірге барған, деп хабарлады жергілікті ATPress.kz. 

Басылымның хабарлауынша, әйелдің бұл әрекетіне Ұлттық ұлан сарбаздары тосқауыл болды.

"Патрульдеу кезінде әскери нарядтың кіші сержанты Еркен Нұрғалиев, қатардағы жауынгерлер Дмитрий Коваленко мен Нұрсейіт Құсайынов қараңғыда бала ұстаған әйелді көрген. Ол көпір қоршауында тұрды", - деп хабарлады Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Әскери қызметшілер кезекшіге баяндап, полиция шақырған.

Полиция келгенге дейін олар көпірден секірмек болған әйелмен сөйлесіп, оқыс оқиғаның алдын алуға тырысты.

Нәтижесінде әскери қызметкерлер әйелді мұндай әрекет жасамауға көндірді. Оның суицидке неге бел буғаны анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда ер адам әйелінің көзінше 10-шы қабаттан секіріп кетті
Алматылық әйел 15-қабаттан секіріп кетті - полиция ақпарат берді
Елордада полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды – видео
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті
Кілт сөздер:
Атырау, көпір, әйел, бала
Загрузка...

Басты тақырып