Өңірлер

Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевЖандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұмауға бір ай, екі-үш аптадан кейін коронавирус инфекциясы қосылса, науқастың иммунитеті шыдай алмайды, дейді Алматының бас санитар дәрігері

АЛМАТЫ, 22 шілде – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тұмауға қарсы вакцина егуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл өте маңызды мәселе. Себебі коронавирус пен тұмаудың белгілері, олардың асқынуы да бірдей. Тұмаудың, ОРВИ, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың асқынуы пневмония болып саналады. Осы мәселені басқа ведомство мамандарымен талқыладық. Екпе жұмыстарын белсенді түрде жүргізу керек. Тұмауға бір ай, екі-үш аптадан кейін коронавирус инфекциясы қосылса, науқастың иммунитеті шыдай алмайды", - деді Бекшин.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты тұмаудан қалай ажыратуға болады? 

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері қалада күн сайын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын 4 мыңға жуық тест тапсырылып жатқанын және бұл нәтижені 14 200-ге жеткізу жоспарланғанын айтты.

"ПТР-тестпен қатар популяциялық иммунитетті енгізуді және зерттеуді жоспарлап отырмыз. Олар қазір жүргізіліп жатыр. Бізде жеке зертханаларда тұрғындардың 7000-ға жуық тест тапсырғаны туралы мәлімет бар. Бұл жұмысты да арттырамыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар Бекшин Алматыда локдаун аяқталғанша карантин режимі жеңілдетілмейтінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0