Өңірлер

Бурабай мен Зеренді қашанға дейін жабылады

© Sputnik / Ирина СемибратоваБоровое
Боровое - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куруорттық аймақтарға кіреберісте блок бекеттер орнатылады, сондай-ақ, көлік қозғалысы шектелетіні айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. Ақмола облысы туризм басқармасы 24 шілдеден бастап Бурабай мен Зеренді жабылатынын хабарлады.

Ведомство хабарламасында облыстың туристік аймақтары 24 шілде 00:00-ден бастап 3 тамыз 00:00-ге дейін жабық болатыныны айтылған. Бұған карантин шараларының күшейтілуі мен демалушылардың азаматтық жауапкершілігінің төмен болуы себеп. 

"Куруорттық аймақтарға кіреберісте блок бекеттер орнатылады, сондай-ақ, көлік қозғалысы шектеледі", - деді басқармада.

Бұған дейін келген турситер қонақүйлер мен шипажай-курорттық нысандарда қалады. Демалыстағы адамдар бетперде тағып, қашықтықты сақтауы тиіс екені айтылған.

Қонақүйлерге бөлмелерді брондауға өтініш қабылдамау тапсырылды.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде қызметін жалғастырады.

Жалға берілетін жағажайлар, сауна, қонақүй бассейні жабылады. Жағалаудағы сауда орындары мен қайық стансаларының жұмысы тоқтатылады.

Жаңалықтар
0