Өңірлер

Шымкентте 52 миллион теңгені жымқырған дәрігерлерге қатысты тергеу басталды

CC0 / valelopardo / Медик, врач
Медик, врач - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Басқарма басшысы мен бас дәрігер S-класты оториноларинголог жабдығын қымбат бағамен сатып алғаны әшкере болды

АЛМАТЫ,17 шілде – Sputnik. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері сотталды 

"Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы мен "№1 қалалық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас дәрігеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген ақпаратта.

Олар 2019 жылы S-класты оториноларинголог дәрігерінің жұмыс орнына арналған жабдықты қымбат бағамен сатып алу арқылы 52 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу) сәйкес, аталған іс бойынша өзге ақпарат жарияланбайды.

Жаңалықтар
0