Өңірлер

Түркістан облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

© Служба центральных коммуникацийКосман Айтмухаметов
Косман Айтмухаметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қосман Айтмұxамбетов түрлі жылдары вице-премьер, Ақмола облысының әкімі және астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұxамбетов қайтыс болды. Себебі нақтыланбады.

"58 жасқа қараған шағында Қосман Айтмұxамбетов мезгілсіз өмірден озды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында. 

Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев те көңіл айтты. Ол күн сайын коронавирустан көз жұмғандар саны артып келе жатқанын жеткізді.

"Суыт хабар жетті - Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысының бұрынғы әкімі, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары (Нұр-Сұлтан) Қосман Айтмұхаметов қайтыс болды. Біз астана әкімдігінде бірге қызмет еткен болатынбыз", - деп жазды Исекешев.

Сондай-ақ, ол профессор, медицина ғылымдарының докторы, травматология және ортепедия ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Нұрлан Бәтпеновтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Екеуі де өз ісінің маманы, саланың, өңірдің, қаланың дамуына қомақты үлес қосты. Нұрлан Бәтпенов пен Қосман Айтмұхамбетовтың жақындарына көңіл айтамын" - деді Исекешев.

Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметіне сәйкес, Түркістан облысында 2 341 адам коронавирус жұқтырған, 18-і қайтыс болды.

Жаңалықтар
0