Өңірлер

Алматы облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZhetysuPress (@zhetysupress)

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында бас санитар дәрігер Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болғаны хабарланды. Ол коронавирус жұқтырмағаны анықталды. 

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті 

Серікжан Бескемпіров 1960 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Үштөбе қаласында туған.

1983 жылы Алматы энергетика институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Үштөбе ет комбинатының аға шебері, механик, шебер болып бастады (1983, 1985-1993).

Әр жылдары Қаратал ауданының әкімі (2002-2004), Панфилов ауданының әкімі (11.2004-09.2005), Алматы облысы Текелі қаласының әкімі (09.2005-01.2012), V шақырылымдағы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы (01.2012-06.2012) болды.

Ол 2012 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Жаңалықтар
0