Өңірлер

Ресей дәрігерлері Атырауға жұмысқа тартылуы мүмкін

© Sputnik / Тимур БатыршинПалаты для лечения больных коронавирусом
Палаты для лечения больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атырау облысында 300-ге жуық медицина маманы жетіспейді. Билік бұл мәселені қалай шешкелі жатқанын облыс әкімі айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Атырауда медицина кадрларының тапшылығы байқалып отыр. Бұл туралы брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірде 278 маман, оның ішінде жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, жұқпалы аурулар мамандары мен эпидемиологтар жетіспейді.

"Бұл бағытта біршама жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, біз Ресейден Атырауға маман тарту мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, биыл өңірге жас мамандар келеді деп жоспарланған", - деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, ол аймақта дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешіліп жатқандығын айтты.

"Кеше облысқа 220 миллион теңгеге 430 түрлі дәрі-дәрмек жедел жеткізілді. Олардың арасында азитромицин, цефазолин, цефтриаксон секілді қазіргі уақытта едәуір сұранысқа ие антибиотиктер, ыстық түсіретін дәрілер мен дәрумендер бар. Бұл дәрі-дәрмек облыс тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді әкім.

Оқи отырыңыз: Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды 

Дәрі-дәрмектер қалалық қана емес, сонымен қатар аудандық дәріханаларға да таратылды, деп нақтылады ол.

Апта соңында тағы осындай көлемде дәрі-дәрмек жеткізіледі, өңірде қажетті препараттардың белгілі бір қоры бар.   

Жаңалықтар
0