Өңірлер

Алматы облысында блок бекеттер қайта қойылатыны рас па – әкімдік жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневБлокбекет, архивтегі сурет
Блокбекет, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында пандемия басталғалы бері 701 адам коронавирус жұқтырған, өңір басшысы Амандық Баталов та індетке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Алматы облысының әкімдігі өңірде блок бекеттер қайта орнатылатыны туралы хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мессенджерде Алматы облысында блок бекеттер қайта қойылатыны туралы дыбыстық хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", -деп мәлімдеді әкімнің баспасөз-хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Бұған дейін, 22 маусымда Алматы облысының басшысы Амандық Баталов коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Әкімде ауру белгілері жоқ, ол қашықтан жұмыс істеп жатыр.

Пандемия басталғалы бері Алматы облысында 701 адам індетке шалдыққан, 574 пациент сауығып шықты, бір науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның тағы бір қаласында қатаң карантин енгізіледі

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусым күні коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізеді. Кеңесте мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды.

Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады. Жиынға үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары мен облыс әкімдері қатысады.

Жаңалықтар
0