Өңірлер

Түркістан қаласында жаңа университет ашылды

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиСухой фонтан в одном из парков Туркестана
Сухой фонтан в одном из парков Туркестана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа халықаралық туризм университеті 2020 жылдан бастап талапкерлерді қабылдайды. Университетке құжат қабылдау 2020 жылдың 20 маусымы мен 7 шілде аралығында өтеді

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Түркістанда Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі жанынан халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Жаңа халықаралық туризм университеті 2020 жылдан бастап талапкерлерді қабылдайды. 2020-2021 оқу жылына 800 грант бөлінген, деп хабарлады Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Университет түлектері 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде халықаралық үлгідегі екі диплом алады.

"Бұл түлектерге әлемнің кез келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол жерде отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды", - делінген өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратында.

Сондай-ақ, түлектер БҰҰ-ның халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) тәжірибеден өте алады.

Университет базасында біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді.

Туризм факультеттерінен басқа спорт кафедралары да бар. Университетке құжат қабылдау 2020 жылдың 20 маусымы мен 7 шілде аралығында жүргізіледі. Шығармашылық емтихан 8 және 13 шілде аралығында өтеді.

Айта кетейік, 2019 жылдың тамыз айында "Ұлытау-2019" халықаралық туристік форумы кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласында білікті мамандарды дайындау және Қазақстанда туризм университетін құру қажет екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0