Өңірлер

Қостанай қайта жабыла ма: интернетте блок бекет орнатып жатқан видео пайда болды

© Sputnik / Владислав Воднев Призывники на блокпосту
 Призывники на блокпосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала периметрі бойынша блок бекеттер орнатып жатқан бейнеролик түрлі әлеуметтік желілерде кең тарады

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қостанайлық жүргізушілер Қостанай–Рудный тас жолымен қаладан шыға беріс жерге жылжымалы үйшік пен бетон плиталар қойыла бастағанының куәсі болды.

Әлеуметтік желілерде кең таралып, Аlau.kz порталында жарияланған видеоның авторы жақын күндері Қостанай қаласына кіріп-шығуға шектеу енгізілетінін сенімді түрде баяндайды. 

Сонымен қатар автор барлық іс-шаралар қала әкімдігі қызметкерлерінің бақылауымен жүргізіліп жатқанын айтады.

Қостанай облысының әкімдігі бұл жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Ал жедел штаб отырысы 18 маусым күні өтетіні белгілі.

Оқи отырыңыз: Депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды

Соңғы күндері республика бойынша коронавирус инфекциясының көбеюі байқалуда. Қазіргі кезде індет жұқтырғандар саны республика бойынша 15 877 адамға жетіп, 97 науқас көз жұмды.

Айта кетейік, бүгін үкімет эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шараларын жариялайды деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0