23:01 20 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.69
  • EUR518.42
  • RUB5.66
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2269)
1060 0 0

Кәсіпорында 10 адамнан вирус табылғаннан кейін дәрігерлер мың жарым қызметкерді тексерді. Ауру белгісі жоқ 467 науқас анықталды

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Рахат" кондитерлік фабрикасында коронавирустың таралуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

30 мамыр мен 4 маусым аралығында "Рахат" кондитерлік фабрикасында жұмыс істейтін 10 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Сондай-ақ, ауру белгісі жоқ 467 науқас анықталды.

"Алдымен фабриканың бір қызметкерінен жоспарлы операцияға жіберілген кезде коронаврус анықталды. Содан кейін стационарлық тепловизор көмегімен сегіз адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Олар жоғары температурамен жұмысқа келген. Жедел жәрдем шақырылып, жұмысқа жіберілмеді, - деді Бекшин.

Осы жағдайдан кейін дәрігерлер кәсіпорынның мың жарым қызметкерін тексерді. Ауру белгісі жоқ 467 адам анықталды. Қазір барлығы үй карантиніне жіберілді, оларды емхана дәрігерлері бақылайды.

Кәсіпорында жұмыс істейтін мыңдаған адам Алматы маңындағы ауылдарда тұрады. Олар облыста бақылауға алынды. Көп бөлігі қалада тұратын қызметкерлер, олар қалалық бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ауруханасына бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: "Рахат" кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтатылды 

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда "Рахат" кондитерлік фабрикасы қызметкерлерінен коронавирус табылып, кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатты. Бастапқыда кәсіпорын 15 маусымға дейін жабылды, енді карантин уақыты бір аптаға – 23 маусымға дейін ұзартылды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2269)

Тақырып бойынша

Бекшин Алматыдағы карантиндік шараларды күшейтті
Коронавирустың белгісі жоқ науқастар не істеуі керек – Надыров жауап берді
Нұр-Сұлтанда науқастар саны артты: шұғыл штаб бірнеше шешім қабылдады
Коронавирус жұқтырған талапкерлер ҰБТ-ны қалай тапсырады?
Біртановпен араласқан тағы бір министр коронавирусқа тест тапсырды
Кілт сөздер:
кәсіпорын, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып