Өңірлер

Коронавирустың белгісі жоқ науқастар не істеуі керек – Надыров жауап берді

© AFP 2024 / PIROSCHKA VAN DE WOUWНабор для экспресс-тестирования коронавируса COVID-19 из Китая
Набор для экспресс-тестирования коронавируса COVID-19 из Китая - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талдау нәтижесі оң болып, аурудың ешқандай белгісі байқалмаса, үйден шықпай-ақ тіркелген жер бойынша емханаға қоңырау шалу қажет

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров коронавирус белгілері жоқ, алайда Covid-19 диагнозы расталған тұрғындарға жедел жәрдем шақырмай, call-орталыққа хабарласуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Талдау нәтижесі оң болған жағдайда және аурудың ешқандай белгісі болмаса, тіркелген жері бойынша емханаға үйден шықпай-ақ қоңырау шалуы қажет. Сонымен қатар 3000, 103 нөміріне Сall-орталыққа жүгінуге болады. Науқасты ауруханаға жатқызу емхана деңгейінде шешіледі", - деді Надыров.

Оның айтуынша, науқас амбулаториялық жағдайда бақылауға алынса, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету бригадасы күн сайын екі рет телефон арқылы хабарласып, жай-күйін біліп, дене қызуын бақылап, сырқат бойынша шағымын анықтайды. Қажет болған жағдайда үш күнде бір рет видео консультация жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Білім министрі Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды 

Аурудың белгілері жоқ науқастарды бақылау өзін-өзі оқшаулаудың 10-шы күнінде ПТР тексерісінен кейін немесе ПТР тексеруінсіз 14-ші күні аяқталады.

Қалада жұқпалы аурулар стационарларында 1226 адам жатыр, оның 57-сі бала. Олардың арасында жағдайы өте ауыр – 5, ауыр – 62, орташа дәрежеде ауыр – 575, жағдайы қанағаттанарлық 584 адам бар.

"Бақылау кезінде аурудың клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу пайда болған жағдайда науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі", - деді Надыров.

Сонымен қатар әр адамның жағдайы жеке ескеріледі. Созылмалы ауруы бар науқастар, 65 жастан асқан науқастар және гемодиализ шарасын қажет ететін науқастар стационарға жатқызылады.

Айта кетейік, 15 маусымдағы мәлімет бойынша Алматыда 3 113 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 2 056 адам емделіп шықты. Науқастардың 56,7%-і – вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, 33,9%-і – профилактикалық тексеру кезінде анықталған науқастар, 9,4%-і – өзі хабарласқан тұрғындар.

Қаладаауру белгісі жоқ 813 науқас тіркелді.

Жаңалықтар
0