Өңірлер

Ақтауда жылқы жұрттың көз алдында есінен танып құлады

© Photo : СС0 / Alexas_FotosБелая лошадь
Белая лошадь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жануардың иесі жылқыны азаптаудан аулақ екенін айтады. Тіпті, бір күн бұрын осы жылқының қатысуымен бейнебаян түсірілген

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Ақтау тұрғындары "Ақбота" саябағында 14 маусымға қараған түні пәуескеге жеккен жылқының қалай талып қалғанын айтып берді, деп жазды жергілікті lada.kz басылымы.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жануардың талып қалуына оны ыстық күнде тоқтаусыз жұмысқа жегу себеп болды.

"Балаларды қыдыртуға жылқыны тәлуік бойы жегу салдарынан осылай есінен танып қалды. Мал иесінің ойында не бар екенін білмеймін. Мұның бәрі менің көз алдымда болды. Жануар құлады да, қимылсыз жатты", - дейді Алпамыс есімді жергілікті тұрғын. 

© Photo : Instagram/interesting_gresАқтауда пәуескеге жегілген жылқы есінен танып қалды
Ақтауда жылқы жұрттың көз алдында есінен танып құлады - Sputnik Қазақстан
Ақтауда пәуескеге жегілген жылқы есінен танып қалды

Ол жылқының 40 минуттан кейін ғана есін жинағанын айтты.

"Бей-жай қарамайтындар қолынан келгенше көмектесті, бірі су сатып алып келді, енді бірі қорғансыз жануарға байланған жіп пен ат әбзелдерін шешіп, пәуескеден босатқан. 40 минуттан кейін жылқы есін жиды. Көзіңе жас келеді. Мұндайға қашан тыйым салады?", - дейді әйел.

Оқиға орнына полиция келіп, жиналғандарды таратып жіберген. 

Ал жануардың иесі жылқының мұның алдында жағалау маңында жұмыс істегенін, алайда осындай жағдайдың бұрын-соңды болмағанын алға тартты.

"Біз жылқыны азаптамаймыз. Жылқы тұяғы үшін тым қолайсыз тас төсеуіштің үстінде тайғанап құлады. Ал оған пәуеске жегілгендіктен, орнынан тұра алмай жатты. Еш жерін жарақаттап алмауы үшін үстінен барлық әбзелді шешіп, тыныштанғанын күтіп, содан кейін тұрғыздық", - дейді жылқының иесі.

Олар жағалаудағы жұмысқа қайта шығуға рұқсат алу үшін бірнеше рет әкімдікке өтініш жазған.

"Біз жағалауға қайта шығу туралы бірнеше рет әкімдікке өтініш тапсырдық. Әлі нәтиже жоқ. Жануар жазда сағат 19.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ біз күн сайын шығармаймыз. Қажет болса, оны атқорада қалай ұстайтынымызды көрсете аламыз", - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында бірнеше жарыс жеңімпазы болған сәйгүлік ұрланды

Ал жылқының талып қалғанын көрген тұрғындар жалға берушілердің сөзіне сенімсіздік танытуда. Олардың пікірінше, жылқы қатты әлсіреген.

Ал жылқы иесі бір күн бұрын оның бейнебаянға түскен сәтінен видео жіберді.

Жаңалықтар
0