04:08 04 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1230910

Зебихон Қадырова осыдан он жыл бұрын өзінің жеке мәліметтерін әлдекім келісімшартқа енгізіп, банктен кредит алған болуы мүмкін деп күдіктенеді  

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Сот Алматы қаласының тұрғынын кредит келісімшарты бойынша 45 миллиард теңге (111 миллион доллар) қарызды төлеуге міндеттеді.

Әйел ақшаны қарызға алмағанын және банкпен ешқандай келісім жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы".

Оқи отырыңыз: Жұмысқа тұрмақ болған аула сыпырушы 2 миллиард қарыз болып қалды

"Бұл не сот жүйесінің қателігі, не шектен шыққандық. Барлық органға жаздым. Мен анамын, жалғыз өзім бес жасар баланы тәрбиелеп жатырмын. Пәтерім ипотекаға алынған, әңгіме қандай ақша туралы болуы мүмкін. Шоттарымды бұғаттап тастады, тіпті ипотекамды да төлей алмай отырмын", - дейді Зебихон Қадырова.

Ол он жыл бұрын өзінің атынан белгісіз біреу кредит алған деп күдіктеніп отыр. Ол кезде әйел заңгердің көмекшісі болып жұмыс істепті.

"Ол шетелде болғандықтан, бұл келісімге қол қоймаған. Оның осы кредиттік істерге қатысы бар екенін растайтын бірде-бір құжат жоқ. Біреу оның паспорт мәліметтерін алып, осы келісімге жазған", - дейді адвокат Талғат Мылтықбаев.

Алматылық келіншек Жоғарғы сотқа шағымдана алады, бірақ заң бойынша ол талап арыздың 1%, яғни 450 миллион теңге (1,1 миллон доллар) мемлекеттік баж салығын төлеуі керек.

"Іс аудандық соттың қарауына берілді. Қазір сот ғимаратында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде", - деп түсіндірді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Зебихон Қадырова мен оның адвокаты істі қайта қаратпақшы.

Тақырып бойынша

"Таразда кездесейік деді": студент қызды алдап соққан декан ұсталды
"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті
Банк қызметкері үйлену тойын жасау үшін бес жарым миллион теңге ұрлаған
Kaspi Bank бұрынғы қызметкерін тапқан адамға 10 миллион теңге береді
"Сіздің атыңыздан кредит алады": алаяқтардан қалай қорғану керек
Кілт сөздер:
Алматы, кредит, банк
Загрузка...

Басты тақырып