23:04 21 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.95
  • EUR495.12
  • RUB6.00
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2723 0 0

Облыстық білім басқармасының басшылығы балаларды қолдау орталығына бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырған

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы тәрбиеленушілердің конституциялық құқығы бұзылғанын анықтады. Мұндай дерек "Nur Otan" партиясының облыстық филиалында балалар құқығын қорғау жөніндегі топтың қатысуымен өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Облыстық қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының жетекшісі орталық тәрбиеленушілерін бейнекамералар арқылы қарап отырған. Тіпті, камералар әжетхана мен қыздарға арналған жуыну бөлмелеріне орнатылып, ол жерлерде не болып жатқаны басшылықтың кабинетіндегі үлкен экран арқылы бақыланған", – деп мәлімдеді Павлодар облысы прокуратурасының басшысы Асхат Қоқымбаев.

Мекемеде 18 жасқа дейінгі қыздар да болғандықтан, прокуратура өкілдері орталық басшылығы мұндай әрекетімен балалардың құқығын өрескел бұзды деп санайды.

Ал тексеріс нәтижесінде бейнекамералар Павлодар облысы білім басқармасы басшылығының тікелей тапсырмасымен орнатылғаны анықталды.

Бұл туралы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, мұны өз әрекетінің ресми түсіндірмесі ретінде қарауды сұрады.

Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықтарды бастан өткереді.

"Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді", – дейді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы.

Оқи отырыңыз: Атырауда бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео жылдам таралып жатыр

Прокурорлар тексерісінен кейін бақылау камералары алынып тасталды. Бірақ Дінислам Болатханұлы өз ұстанымында қалатынын мәлімдеді.

Тақырып бойынша

Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау ісі: сот үкімі қайта қаралды
Жаңа омбудсмен ОҚО-дағы баланы зорлау ісін қолға алды
Жасөспірімдерге зорлық-зомбылық көрсеткені үшін Орал оқушысы 10 жылға колонияға түсті
Қазақстанда ата-ананың баласына қол көтеруін зорлық-зомбылық көрсетумен теңестіру ұсынылды
Абай ауылында бозбаланы зорлау ісі: адвокат жаңа деректермен бөлісті
Кілт сөздер:
балалар үйі, балалар құқығы
Загрузка...

Басты тақырып