16:16 21 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR506.01
  • RUB5.50
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3675 0 0

Құқық қорғау органдарының өкілдері осы қылмысты тергеу кезінде бұдан бөлек тағы 63 қылмыстың ашылғанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 86 жастағы әйелді және оның сал болып қалған ұлын қатыгездікпен өлтірген қаскөйлер ұсталды. Полицейлер қандықол қылмыскерлерді 8 ай бойы іздеген, деп хабарлады Polisia.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2019 жылы 7 қыркүйекте Орал қаласында 1934 жылғы Матрена Кулакова мен оның ұлы Константин Кулаковтың өлі денесі табылды. Кейуананың баласы сал ауруына шалдыққан және II топтағы мүгедек болған. Үйге түскен ұрылар екеуін жауыздықпен өлтіріп кеткен.

Сот-медициналық сараптама бойынша Матрена мен Константин Кулаковтарды алдымен басынан ұрып, одан кейін буындырып өлтірген. Екеуінің миы зақымданған және денеде көптеген жарақаттар анықталды. Қылмыскерлер үйдегі 130 мың теңгені, сондай-ақ 75 мың теңгенің алтын бұйымдарын алып кеткен.

"Осы қылмыстың кәугерлері мен күдіктілерін іздестіру барысында құқық қорғаушылар 2 209 пәтерді, 57 жеке үйді және 144 саяжайды аралап шықты. Қылмыскерлерге ұқсайтын 2 170 адам полиция басқармасына жеткізілді. Бұрын сотталған 485 адам және психиатриялық диспансерде тіркелген 180 адам тексерілді. Қолайсыз отбасынан шыққан балалар да тексеріске алынды. Оқиға орнынан барлық бейнежазбалар қаралды. 70 ломбард тексерілді", – дейді полицейлер.

Нәтижесінде 1991 жылғы, 1992 жылғы және 1993 жылғы үш ер адам қолға түсті. Қазіргі кезде үшеуі де тергеу абақтысына тоғытылды. Біреуі өз кінәсін толығымен мойындап, тергеу шараларына көмектесуге келісті. Ұрланған заттарды қайда тапсырғанын да көрсетті. Тергеу кезінде қалған екі қылмыскердің кінәсі дәлелденді.

"Осылайша, генетикалық сараптама тәркіленген әшекейлердің марқұм әйелдің мүлкі екенін көрсетті. Бұдан бөлек, күдіктінің біреуі киген киімнен қайтыс болған зейнеткердің ДНК-сы табылды. Қазіргі кезде күдіктілерге жасалған сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы жасалап жатыр. Соның нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберіледі", – деп атап көрсетті құқық қорғаушылар.

Оқи отырыңыз: Татуласуға жол жоқ: ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады

Полицейлер осы қылмысты тергеу кезінде тағы 63 қылмыстың ашылғанын да жеткізді. Атап айтқанда, велосипед ұрлаудың 40 фактісі, 3 пәтер ұрлығы, 8 саяжай мен гаражды тонау оқиғасы, өзге біреудің мүлкін ұрлаудың 11 фактісі және 1 қарақшылық бар. Бұдан бөлек, іздеуде жүрген 11 адам табылды.

Тақырып бойынша

Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Туысы бөлшектеп тастаған: Алматы облысында аса ауыр қылмыс ашылды
Ақтөбе облысында әкесімен ұрсысып қалған жігіт ауыр қылмыс жасады
Кілт сөздер:
қылмыскер, ауыр қылмыс, қылмыс, Орал
Загрузка...

Басты тақырып