Өңірлер

"Қара бүркітте" 19 адамда коронавирус инфекциясы расталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуВышка в исправительной колонии, архивное фото
Вышка в исправительной колонии, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде барлығы Жітіқара қалалық ауруханасына жатқызылды. Олардың хаттамаға сәйкес, ем алып жатқаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр - Sputnik. Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында коронавирус жұқтырған 19 адам анықталды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 11 науқас ер адам болса, 8-і  - әйел. Барлығы қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде жұмыс істейді. Пациенттердің жасы - 21-54 аралығында. Бұған дейін бәрі коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған. 

Түрме қызметкерлері казармада тұрған. Қалаға ешкім шыққан жоқ. Бүгінде барлығы Жітіқара қалалық ауруханасына жатқызылды және хаттама бойынша ем алып жатыр.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қостанай облысында 98 науқас тіркелген. Ал республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны  6 751 адамға жетті.

"Қара бүркітте" кімдер жазасын өтеп жүр

161/3 түзеу мекемесін халық арасында "Қара бүркіт" деп атап кеткен. Түрме Жітіқара қаласынан 25 шақырым шалғай жерде орналасқан. 

Қазақстанда аса ауыр қылмыстар үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отыратын екі түрме бар. Соның біреуі - "Қара бүркіт". Ол жерде аса қатаң режим енгізілген. Өмір бойына сотталғандардың алғашқы легі 2004 жылы 21 мамырда жеткізілген болатын. 

Бүгінде қамауда отырғандардың ішінде Арқанкергенде 15 әскериді қырып салды деген айыппен сотталған Владислав Челах, әйелді және оның екі баласын өлтірген Олег Власкин, Алматыдағы лаңкестік кезінде он адамдың атып тастаған Руслан Күлекбаев, үш жасар баланы өлтірген Игентай Сопыжанов бар.

Жаңалықтар
0