Өңірлер

Облыс әкімінің орынбасары Kaspi Gold-қа ақша аударуға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Абзал КалиевКарточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алаяқтар Түркістан облысындағы төтенше жағдайды пайдаланып, қазақстандықтардан зардап шеккендерге көмек ретінде ақша жинай бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов төтенше жағдайдың арқасында пайда табуды көздеген алаяқтар туралы айтты.

"Белгісіз біреулердің Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек ретінде Kaspi Gold-қа ақша жинап жатқаны туралы ақпарат жетті. Біз мәліметтерді прокуратура мен полиция органдарына бердік. Олар ұсталып, жазаға тартылады", - деді Қалқаманов.

Оның айтуынша, ақшаны ресми түрде 3 мамырдан бастап "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қоры қабылдайды. Әкім орынбасары қаражаттың әрбір тиыны қайда жұмсалғаны туралы есеп берілетінін жеткізді.

"Азық-түлік жеткізіле бастаған кезде Атакент ауылының аумағында қойма жұмыс істейтін болады. Алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысы қол ұшын созып отыр. Олар киім-кешек, азық-түлік және гигиеналық заттар тиелген бес жүк көлігін жібереді", - деді әкім орынбасары.

Арай ауылындағы жағдай

Ол Арай ауылының тұрғындары төтенше жағдай салдарын әкімдік көмегінсіз жоюға мәжбүр деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Көптеген адамдар осындай жаңалықтардың арқасында танымал болғысы келеді. Ауданда 300 ұлттық ұлан қызметкері, әкімдіктің аппараты, аудан әкімдіктері жұмыс істеп жатыр. Басқарма басшыларының бәрі осында, қосымша күш тартылды", - деді Қалқаманов.

Малды қауіпсіз жерге көшіреді

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы басқармасы мен ветеринарлық қызметтің 95 маманы қайықпен зардап шеккен ауылдар аумағын тексеріп жүр.

Жеті елді мекеннен 3 115 бас ірі қара, 1 101 жылқы, 585 қой мен 34 түйе эвакуацияланған.

"Әрбір қой үшін төленетін өтемақы мөлшері әлі белгісіз. Ауыл шаруашылығы басқармасы бағалау әдістемесін әзірлейді. Қанша мал қырылғанын нақты айта алмаймыз", - деді әкім орынбасары.

Өзбекстанда бөгет бұзылды

1 мамыр таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты.

© Photo : КЧСМақтаарал ауданында шұғыл штаб құрылып, техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды
Облыс әкімінің орынбасары Kaspi Gold-қа ақша аударуға қатысты мәлімдеме жасады - Sputnik Қазақстан
Мақтаарал ауданында шұғыл штаб құрылып, техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, елді мекендерді басып қалуына әкеп соқтырды.

Мақтаарал ауданында шұғыл штаб құрылып, техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жаңалықтар
0