Өңірлер

Даниал Ахметов Көктал ауылының тұрғындарына өтемақы берілетінін мәлімдеді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырылып қалған ірі қараның басына 260 мың теңгеден, 2019 жылғы 1 жасар малға 150 мың теңгеден, ал биылғы төлдің басына 50 мың теңгеден өтемақы беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көктал ауылдық ауылында қырылып қалған малға өтемақы төленеді. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Даниал Ахметов Үржар ауданының Көктал ауылында болып жатқан жағдайдан хабардар екенін, облыстан арнайы комиссия барып, мәселенің мән-жайын анықтап жатқанын атап өтті.  

"Қазір облыс көлемінде карантин режимі енгізілгендіктен, аудан, ауылдарда қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Талдау нәтижесі қандай қорытынды бермесін, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізгім келеді. Мал шығыны өтеледі!", - деп жазды облыс басшысы.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында белгісіз аурудан 2 мыңнан астам қой қырылып қалды 

Қазіргі уақытқа дейін өлген 253 бас мал тіркелген. Тұрғындармен қатар, 4 шаруа қожалық та шығынға ұшырады.

"Менің шешімін бойынша, жақын арада үлкен ірі қараның басына 260 мың теңгеден, 2019 жылғы 1 жасар малға 150 мың теңгеден, ал биылғы төлдің басына 50 мың теңгеден өтемақы береміз", - деп толықтырды Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін Үржар ауданындағы Көктал ауылдық округінде белгісіз себептермен мал қырылып жатқаны хабарланған болатын. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық ветеринариялық инспекциясы мен өңір әкімдігінің ветеринария басқармасының қызметкерлері зерттеу жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар
0