14:54 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2439 0 0

Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақ зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. Тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз баланы сатпақ болған адамды ұстады.​​​​​

13 сәуірде Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасына бір әйел хабарласып, кәмелетке толмаған баланың жыныстық қызмет көрсету үшін сатылғалы жатқанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған "жеңгетай" мен сыбайластары сотталды 

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам АПБ-ның қызметкерлері Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақ үйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады​, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Кәмелет жасына толмаған қыз мегаполистің тұрғыны, оқу орындардың бірінің студенті болып шықты. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақ зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды", - делінген хабарламада.

​​Тергеу барысында күдіктінің бұрын осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғаны анықталды. Жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен кәмелетке толмаған қыздың суретін көрсетіп отырған. Клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.​​​​

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Түркістан облысының полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Тақырып бойынша

"Бала 200 сомға құлдыққа сатылады": қырғыз халқы дүрлігіп кетті
"Адамдар айтуға қорқады": Қостанай облысының тұрғыны жантүршігерлік қылмыс жасады
"Бес уақыт намаз оқитын": Алматы тұрғыны өгей қызын төрт жыл бойы зорлап келген
"Буындырып, тепті": Алматылық қызды ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген
Полицейлер Сарыағаш саунасында сұмдық істің үстінен түсті
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, студент
Загрузка...

Басты тақырып