Өңірлер

Алматының бас дәрігері кабинетінде түнеп жүр

© Sputnik / Тимур БатыршинИ.о. руководителя управления общественного здоровья Алматы Тлеухан Абилдаев
И.о. руководителя управления общественного здоровья Алматы Тлеухан Абилдаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тілеухан Әбілдаев өзі барған клиниканың қызметкерлері вирус жұқтырғаны анықталған соң, он төрт күн бойы оқшаулануға шешім қабылдаған  

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев он төрт күн бойы кеңсесінен шықпай, оқшаулану туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің оқшаулануыма қатысты айта кетсем. Алты күн бұрын орталық қалалық клиникалық ауруханаға барған болатынмын. Вирус жұқтырғандармен байланыста болған адам саналамын. Сондықтан әріптестерім қауіп-қатерге ұшырамас үшін өзімді оқшаулауды жөн көрдім", - деді Әбілдаев брифингте.

Айтуынша, ол карантинге алынған сәттен бастап үш рет анализ тапсырған. Барлығы теріс нәтиже көрсетті.

Оқи отырыңыз: Алматыда аурухананың бас дәрігері қызметінен кетті 

Журналистің "қазір кеңседе түнеп жүрсіз бе?" деген сұрағына "иә" деп жауап берді.

Әбілдаев орталық қалалық клиникалық ауруханаға бір науқастың хәлін білу үшін және емхананың жағдайымен танысу үшін барған.

"Менімен бірге бөлім меңгерушісі, дәрігер және сол клиниканың бас дәрігері болды. Клиниканың қызметкерлері вирус жұқтырғаны анықталған соң, мен он төрт күн бойы оқшаулану туралы шешім қабылдадым", - деді ол.

Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасының 182 қызметкері вирус жұқтырған.

Ақхалаттылардың жаппай індетке шалдығуынан кейін тексеріс басталды.

14 сәуірде орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері өз еркімен қызметінен босатылды.

Аурухана басшысының міндетін қазір Марат Абдуллаев атқарып жатыр. Ол денсаулық сақтау жүйесінде 40 жылдай еңбек еткен.

2012 жылдан 2017 жылға дейін осы стационардың басшысы болды.

Жаңалықтар
0