Өңірлер

Атырауда 18 жастағы қыз коронавирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

© AP Photo / STRВспышка коронавируса в Китае
Вспышка коронавируса в Китае - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясын жұқтырған алты науқас өзгелермен байланыста болған. Қазіргі кезде олармен қарым-қатынас жасаған адамдар анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір - Sputnik. Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адамға қатысты мән-жай белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Олардың ішінде үшеуі 1986, 1983 және 1960 жылы туған ер адам. Сондай-ақ 1969 және 1957 жылы туған екі әйел бар.   

"Ал алтыншы науқас 18 жастағы қыз. Олардың бұрын вирус жұқтырған адамдармен байланыста болғаны анықталды. Қазіргі кезде барлығының денсаулығы қанағаттанарлық", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында тиісті ем қабылдап жатыр. Алты науқаспен байланыста болған адамдар да тез анықталып, оқшауланған.

Айта кетейік, Атырау облысында соңғы деректер бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған 29 адам анықталды.

Жаңалықтар
0