Өңірлер

"Тірі нәрестені өлі көрсеткен": Атырауда медициналық қызметкерге сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті сот-медициналық сараптаманың қорытындысын өзгертіп, жалған ақпарт енгізу арқылы лауазымды өкілеттігін асыра пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы директорының міндетін атқарушысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменттің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, бұған дейін Атырау облыстық патологоанатомиялық бюросы директорының міндетін атқарушы Молдағалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын. Сот өз үкімін шығарды. 

"Ол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша тірі туған нәрстені өлі туған ретінде көрсетіп, жалған ақпарт енгізу арқылы лауазымды өкілеттіліктерін асыра пайдалану бойынша күдікті болып табылған. 2020 жылы 28 наурызда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Молдағалиев 1 миллион 325 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді", - деді Бигайдаров бүгінгі онлайн-брифингте

Оның айтуынша, сотталған Молдағалиев өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырған – министр Біртанов

Өткен жылы 4 қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шұғыл брифинг өткізіп, Атырау облыстық перинаталдық орталығында болған жағдайдың мән-жайын жариялады. Перзентханада туған сәби тірі болған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылды. Олар шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Бұл жағдай Атырау облыстық перинаталды орталығының жетекшісіне қатысты басқа істі тексеру кезінде анықталған. Оған дейін медициналық мекеменің басшысы жемқорлық үшін ұсталған болатын.

Жаңалықтар
0